Сағыз ауылында жасөспірімдер арасында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен шағын футболдан жарыс өтті. Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған жарысқа жас ерекшеліктеріне қарай сегіз команда қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысымен 2014-2016 туған жасөспірімдерден арасында «Elita» командасы І орынды жеңіп алса, «Kyran» командасы ІІ орынды, «FC Time» командасы ІІІ орынды иеленді. Ал 2011-2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы бәсекеде «Найзағай» командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, «Жарық» және «Жас қыран» командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Жарыста Ағатай Өтеш «Үздік ойыншы», Абдуазиз Масат «Үздік қақпашы», Аманжан Мақсотов «Көрермен көзайымы» атанды. Турнир жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан арнайы кубок пен медальдарға ие болды.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ


