Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАЛҒЫН АЯҚ ДОП ШЕБЕРЛЕРІ БАБЫНДА

 Сағыз ауылдық округінде 2011- 2016 жылы туылған жасөспірімдер арасында «SAGYZ FESTIVAL CUP» турнирі болып өтті.

Онда Сағыз ауылдық округінің әкімі Асхат Арыстанов, «Абдолла хазірет» мешітінің бас имамы Нұр-Мұхаммед Шахмансұр, Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Болатбек Меңдіғалиевтер құттықтау сөз сөйлеп, балғын аяқ доп шеберлеріне сәттілік тіледі.

Айта кету керек, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне Нұрбол Досымбаев, Алмат Болатов, Ақжол Жақсылықұлы, Азамат Есщанов, Алпысбай Нұровтар демеуші болды. Тартысқа толы турнирдің нәтижесінде, 2011-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Жігер» командасы І орынды жеңіп алса, «Кәусар» маркеті ІІ орынды иеленді. Ал, «Элита» «Сұңқар» командалары ІІІ орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ, 2014-2016 жылы туылған жасөспірімдерден «Бәйтерек» командасы І орынды, «Дауыл» командасы ІІ орынды, «Тұран», «Қырандар» командасы ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, Заңғар Анес, Қанат Еркебұланұлы, Ақарыс Молдағали, Өркен Қойшыбайлар «Көрермен көзайымы», Абдолла Мақсот пен Бақжанат Өмірғали – «Үздік шабуылшы», Бекзат және Әбілсейіт Сағидоллалар – «Үздік ойыншы», Асылхан Қонысбай – «Үздік қорғаушы», Абдуазиз Масат пен Марлен Айбекұлы - «Үздік қақпашы», Нұрислам Дүйсенбай мен Айтжан Жайжан - «Мистер футзал» атақтарына лайық деп танылды. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT