Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАЙЛАНЫСШЫЛАР БАБЫНДА

  «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның ұйымдастыруымен байланысшылар арасында облыстық спартакиада өтті. Жарыс спорттың футбол, волейбол, арқан тартыс, асық ату, тоғызқұмалақ, жүзу түрлерінен өтіп, онда аудан намысын қорғаған Қызылқоға желілік техникалық учаскесі ұжымы жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Алдымен волейболшылар алаңға шығып, мұнда аудан командасы ақтық сында Атырау қаласының байланысшыларын ұтып, былтырғы чемпиондық атағын сәтті қорғап, Сағыз байланыс бөлімшесінің электр-монтері Досжан Амангелді «Үздік шабуылшы» атанды. Учаске басшысы Ринат Дәулетбаев жүзу сайысында бірінші орынды, асық атудан екінші орынды жеңіп алып, өзгелерге үлгі көрсетсе, +40 санаты бойынша жүзуден сынға түскен Жангелдин байланыс бөлімшесінің электр-монтері Есболат Қазиев екінші орынға ие болды. Сол сияқты учаскенің кабель дәнекерлеушісі Қасым Аманжолов тоғызқұмалақтан екінші орынға, учаскенің электр-монтері Бауыржан Нәбиев шахматтан үшінші орынға қол жеткізді. Сөйтіп байрақты бәсекеде бірнеше жүлдеге ие болған жерлес байланысшылар бабында екендігін дәлелдеп қайтты.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT