Қырғызстан мемлекетінің астанасы Бішкек қаласында «Алыш» белбеу күресінен Азия чемпионаты болып өтті.
Оған Азия құрлығындағы бірнеше мемлекеттің балуандары қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұл дүбірлі дода да бақ сынап, 80 келі салмақта ел намысын қорғаған жерлесіміз Аманбек Аруов алғашқы белдесулерінде Шри-Ланка және Жапония елінің балуандарын жеңсе, ақтық сында түркіменстандық балуанға жол берді. Сөйтіп, Азия чемпионатынан екінші орынды иеленді. Енді Аманбек тамыз айында Үндістан елінде өтетін Әлем чемпионатында, қыркүйек айында Қырғызстан елінде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел намысын қорғайтын болады. Ендеше, жерлесіміздің алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА


