Өңірде спорт түрімен 21 спортшы тұрақты түрде шұғылданады. Одан бөлек, 12 инклюзивті балаларда бар,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бочча - дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған параспорт түрі. Халықаралық талаптарға сәйкес спортшылар ВС1, ВС2, ВС3 және ВС4 санаттары бойынша жарысады. Ал ВС5 және ВС8 санатындағы спортшылар облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыса алады.
- 2025 жылы қараша айынан бастап Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Мүгедектердің спорттық клубы» КМҚК жанынан бочча секциясы ашылды. Жаттығу алғашында 8 спортшымен басталды. Бұл спортты өңірге Атырау бочча федерациясы президентінің орынбасары Алия Кубаева алып келді. Кейін “Жанеркем-ай” қоғамдық қоры арқылы инклюзивті балалар арасында боччаны дамыта бастады,- деді Атырау облыстық мүгедектер спорт клубы директорының орынбасары Гүлжанат Қаленова.
Атыраулық спортшылардың республикалық жарыстардағы нәтижесі де жоғары. Облыс құрамасы алғаш рет 2025 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының кубогіне қатысып, төрт спортшы жүлделі орыннан көрінді. Биыл шілде айында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Атыраулық төрт спортшы жоғары нәтиже көрсетті. ВС3 санатында үш, ВС4 санатында бір спортшы «Спорт шеберіне үміткер» нормативін орындап, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапына ену мүмкіндігіне ие болды. Атыраулық спортшылар үшін ендігі мақсат Қазақстан Республикасының жұптық және командалық чемпионатына қатысу.
Жарыста ВС3 санатында екі жұп, ВС1-2 санаттарында бір команда және ВС4 санатында бір жұп өнер көрсетеді.



