Атырау облысында дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» әлем кубогы өз мәресіне жетті. Халықаралық додаға Қазақстаннан 100-ден астам спортшы және әлемнің 18 елінен 100-ден астам мерген қатысты.
Үш күнге созылған жарыста спортшылар «Пута», «Қалқан» және «Жамбы» нысаналары бойынша бақ сынады. «Пута» нысанасы бойынша ерлер арасында 1-орынды Алмаз Джунусов (Қырғызстан), 2-орынды Рустам Аманғалинев (Қазақстан), 3-орынды Забит Сатоев (Қазақстан) иеленді. Әйелдер арасында Айкөркем Батихан (Қазақстан) топ жарды. Екінші орынға Чолпонай Умирколова (Қырғызстан), үшінші орынға Миляуша Халилова (Ресей) ие болды. «Қалқан» нысанасында ерлер арасында Мұрат Лукпанов (Қазақстан) жеңімпаз атанды. Екінші – BAT-ERDENE GANZORIK (Моңғолия), үшінші – Атырау өкілі Серікболсын Шабаев (Қазақстан). Әйелдер арасында Айкөркем Батихан бірінші, Чолпонай Умирколова екінші, Aigerim Kadirman үшінші орын алды.
«Жамбы» нысанасында ерлер арасында BAT-ERDENE GANZORIK (Моңғолия) үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Анварбек Кочкарев, үшінші орынды Азамат Нұртаев иеленді. Әйелдер арасында Әсемгүл Ғалымжанова бірінші, Ажар Төлеухан екінші, Ләззат Ахметова үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, халықаралық жарыс дәстүрлі садақ атуды насихаттауға, ұлттық спортты дамытуға және спортшылар арасында тәжірибе алмасуға бағытталды.



