Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ақтауда өткен футзал турнирінде атыраулық журналистер топ жарды

Ақтау қаласында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында футзалдан Батыс өңірлік Маңғыстау облысы әкімінің кубогі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Батыс аймақтық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған жарыста атыраулық БАҚ өкілдері үздік нәтиже көрсетіп, алғашқы екі орынды иеленді.

Турнирге Батыс Қазақстан өңірлерінен журналистер командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Атырау облысынан барған екі команда да жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, қарсыластарына дес бермеген «Тауман-Атырау» құрамасы жарыстың чемпионы атанды. Ал «Атырау облыстық телеарнасы» командасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Үздік үштікті маңғыстаулық «Маңғыстау ТВ» командасы түйіндеді.

Жарыстың жабылу салтанатында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев турнирдің маңызына тоқталды.

– Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл турнирдің негізгі мақсаты – өңір журналистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы кәсіби байланысты дамыту. Мұндай жарыстар ақпарат саласы өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Турнирге қатысу үшін арнайы келген көршілес өңірлердің командаларына алғысымызды білдіреміз, – деді ол.

Айта кетейік, аталған жарыс БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі аясында ұйымдастырылып, журналистер арасындағы өзара байланысты нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT