Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жаңа Конституция – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан құжат»

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Атырау қаласында «ҚазТурбоРемонт» сервис орталығының ұжымымен кездесті.

Кәсіпорынның өндірістік алаңында өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ел экономикасы үшін өндірістің ықпалына тоқталып, ұжымды алдағы референдумда белсенділік танытуға шақырды.

 «Еліміздің болашағы үшін, экономикасы үшін ең басты нәрсенің бірі – шикізатты тек шикізат күйінде экспорттау ғана емес, сол шикізатты пайдаланып жұмыс істейтін кәсіпорындардың болуы. Өзімізден өнім шығарып, көптеген мәселені өз жерімізде шешетін болсақ, бұл еліміздің болашағына үлкен ықпал етеді. Сіздер сияқты әрбір ұжымды еліміздің болашағына тікелей үлес қосып жатқан кәсіпорын деп айтуға болады. Мен де дәл сіздер сияқты өндірісте жұмыс істедім. Қарапайым еңбек адамдарымен бірге жүріп, сол ортаның ішінде еңбек еттік», - деген депутат алдағы саяси науқанға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Жаңа Конституция – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан құжат. Болашақ сіздердікі. Сондықтан алдағы референдумға да үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Референдумда әрқайсыңыз өз шешімдеріңізді дауыс беру арқыл білдіріп, белсенділік танытады деп сенемін», - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT