Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мәслихат депутаттарының форумы: ел дамуына жаңа серпін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйлеп, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі міндеттерді айқындады. Президент мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі артып келе жатқанын атап өтіп, жергілікті өкілді органдардың халық мүддесін қорғаудағы жауапкершілігі зор екенін айтты.

Бұл форум – өңірлік саясатты жетілдіріп, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаң болды. Еліміздің барлық аймағынан келген екі мыңға жуық депутат миллиондаған азаматтың мүддесін білдіріп отыр. Сондықтан халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда мәслихаттардың рөлі айрықша.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде жүзеге асып жатқан реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және өңірлердің дамуын қамтамасыз ету. Осы бағытта «Қуатты аймақтар – қуатты ел» қағидатына сәйкес жергілікті бюджеттердің мүмкіндігі кеңейіп, ауылдық округтердің қаржылық дербестігі күшейіп келеді. Бұл өңірлердегі мәселелерді жедел шешуге жол ашады.

Президент өз сөзінде жаңа Конституция жобасының маңыздылығына да ерекше тоқталды. Бұл құжат кең қоғамдық талқылаудан өткен, азаматтардың ұсыныстары ескерілген маңызды бастама. Жаңа Ата заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Алдағы референдум – еліміздің болашағына әсер ететін маңызды тарихи қадам. Әр азаматтың белсенді қатысуы – ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Біздің ортақ мақсатымыз – әділетті, қуатты және тұрақты дамыған Қазақстанды бірге құру. Сондықтан елдің ертеңі үшін бірлікпен еңбек етіп, қоғамдағы тұрақтылық пен дамуға үлес қосу – баршамызға ортақ міндет. «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT