Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды

Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлім етті.

Заң Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған.

Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру.

Осы мақсатта Заңда мемлекеттік қызметтің мақсаты мен оны өткеру қағидаттарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптарды бекіту көзделген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT