Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 18 жасқа толған жас спортшы алғаш рет дауыс берді

Атырау қаласындағы №57 референдум учаскесінде Атырау әйелдер футбол клубының 18 жасқа толған спортшысы Інжу Серікқали республикалық референдумға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады.

Жас спортшы референдум учаскесіне келіп, дауыс беру рәсімінен өтіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосты.

Жас сайлаушының айтуынша, бұл күн оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Себебі кәмелет жасына толғаннан кейін алғаш рет дауыс беру арқылы азаматтық ұстанымын білдіруге мүмкіндік алған.

— Бүгін мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Бұл мен үшін өте маңызды әрі жауапты қадам. Әрбір жас елдің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды қоғамдық-саяси науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын, — деді Інжу Серікқали.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT