- Информация о материале
- Құрылтай
- : 15
Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқанда, өңірлерде ветеринариялық станциялар, аяқкиім фабрикалары мен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты күнделікті мәселелерге толы өмір жалғасуда. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, тұрғындармен қандай тақырыптарды талқылағанына шолу жасаймыз.
- Информация о материале
- Құрылтай
- : 18
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны қарқынды жалғасуда. Алғашқы күндері өз бағдарламаларын таныстыруға басымдық берген саяси партиялар енді сайлаушылардың сеніміне ие болу үшін белсенді бәсекеге көшті.
Қазіргі науқанда партиялар дәстүрлі кездесулермен қатар әлеуметтік желілерді, ашық пікірталастарды, қоғамдық іс-шаралар мен заманауи коммуникация құралдарын кеңінен пайдаланып жатыр. Бұл сайлаушылармен тікелей байланыс орнатуға және олардың көкейіндегі мәселелерге жедел жауап беруге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай белсенділік сайлауалды науқанның ашықтығы мен бәсекелестік деңгейінің артқанын көрсетеді. Алдағы кезеңде партиялар өз бағдарламаларын кеңінен түсіндіріп, қоғамның әртүрлі топтарымен кездесулер өткізу арқылы сайлаушылардың қолдауына ие болуға күш салады.
- Информация о материале
- Құрылтай
- : 22
Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесуде.
- Информация о материале
- Құрылтай
- : 19
Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанының белсенді кезеңі жалғасуда. Осы кезеңде «Әділет» партиясы мұнайшылармен кездесулер өткізсе, ЖСДП мен Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік күн тәртібіне басымдық беруде. «Байтақ» партиясы «Көліксіз күн» акциясын ұйымдастырып, «Ауыл» аграрлық мәселелерге назар аударса, «Ақ жол» кәсіпкерлермен кездесулер өткізді, ал «Respublica» Семей қаласында форум ұйымдастырды. Үгіт-насихат науқаны жария саяси пікірталас кезеңіне өтті.



