Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жылыойда су тасқынына қарсы ірі жоба аяқталды

Атырау облысының Жылыой ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және Жем өзенінің арнасындағы су ағынын реттеу арқылы тұрғын үй массивтерін су басудан қорғауға бағытталған авариялық-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Аталған жоба 2024 жылдың тамыз айында бастау алған. Жоба аясында Бақашы гидрошлюзі, Қарағай және Сарқырауық су ағынын реттеу каналдары салынып, бүгінде нысандар толық пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың 1 тамызында басталғанымен, көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қолайсыздықтарға байланысты уақытша кідірістер болған. Соған қарамастан, негізгі жұмыстар 2026 жылдың наурыз айының соңында аяқталды.

Бақашы гидрошлюзінің негізгі мақсаты – су ағынын реттеу, артық суды бағыттау және су қорын жинақтау арқылы елді мекендерді су басу қаупінен қорғау. Нысан секундына 10 текше метрге дейін су өткізуге қауқарлы. Қазіргі уақытта гидрошлюз тұрақты бақылауда ұсталып, қажетті реттеу жұмыстары жүргізілуде.

– Қазір Жем өзеніндегі су деңгейі сәуір айының басында 171 сантиметрге дейін көтеріліп, кейін 10 сантиметрге төмендеді. Су деңгейі мамандардың тұрақты бақылауында, – деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Ботагөз ИСАТАЙ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT