Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жылыой ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Жылыой ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекендердің көркейіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Құлсары қаласының №3 ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда аула аумағында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық берілуде. Абаттандыру жұмыстары бекітілген жобаға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде ықшам аудан аумағының көркейіп, тұрғындардың тұрмыстық жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді.

       «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай жұмыстар елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне ғана емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да бағытталған.

 

                                 Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT