Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жыл басынан бері Атырау облысында 467 мыңнан астам ағаш көшеті егілді

Биылғы көктемгі науқан барысында өңірдің 184,8 гектар аумағына 467,2 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, ірі мұнай-газ кәсіпорындарымен жасалған меморандумдар аясында 351,8 гектар жерге 331 273 ағаш көшеті егілді. 

Бұл туралы облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Жантас Оспан мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    ⁃    Биыл 266 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 75,5 мыңнан астам адам қатысты. 210 сенбілік өткізіліп, 6 542 тонна қоқыс шығарылды, 8 483 аула тазартылды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында өткен экологиялық акциялар мен ашық сабақтарға қырық бес мыңнан астам оқушы мен жас эколог қатысты, - деді Ж. Оспан.

Сондай-ақ, өңірде жаңа экопарктер салу, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және жасыл аймақтарды кеңейту бойынша бірқатар жоба іске асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT