Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖҮРГІЗУШІ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, аудан көлемінде тас жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және зардап шегетіндердің санын азайту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, автомобиль жолдарында жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатын көздеген «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі патрульдік полиция қызметкерлерімен бекітілген кесте бойынша күшейтілген тәртіппен жұмыс атқарылды.

Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ербол Ғаниевтің айтуынша, аталмыш іс-шара кезінде аудан аумағында жол-көлік оқиғалары орын алған жоқ. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, басып озу, жол қозғалысы, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді бұзғандарды анықтауға назар аударылды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бузушылық туралы» кодексінің 608-бабы 1-бөлімімен, яғни көлік құралын масаң күйде басқарған екі адам анықталып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға жүргізушілік куәлігінен айырылды. Ал көлігін міндетті техникалық байқаудан өткізбеген (590-бап, 9-бөлім) алты адамға, қауіпсіздік белдігені тақпаған (593-бап, 2-бөлім) 13 адамға, мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралын басқарған (590-бап, 2-бөлім) 10 адам, көлік құралын басқарған кезде ұялы телефонды пайдаланған (591-бап, 1-бөлім) екі адам және көлік құралын басқаруға құқы жоқ (612-бап, 2-бөлім) 12 адам тоқтатылып, түрлі деңгейде айыппұл салынды. Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Елімізде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Сондықтан барлық жол қозғалысына қатысушылар заң талаптарын бұлжытпай орындап, жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қараған жөн.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT