Атырау қаласының прокуратурасы жасанды интеллект арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік бейнероликті дайындады.
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде қала аумағында 260 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен - 116, жасөспірімдердің қатысумен - 45, автобус жүргізушілерінің қатысуымен – 11 оқиға орын алған.
Қала прокуратурасы жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі! Өз өміріңізді және өзгелердің қауіпсіздігін сақтаңыз!


