Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Соңғы уақытта қараусыз жүрген малдың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі орын алды. Осыған байланысты мал иелерінен төрт түлікті қараусыз қалдырмай, автожолдарға шығып кетуіне жол бермеуді сұраймын.
Мәселен, 10-11 қазан күндері бір түннің ішінде Атырау-Астрахань тасжолында қараусыз жүрген үй жануарларының қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
10 қазан күні сағат 20:15 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 635-шақырымында Mitsubishi Montero Sport автокөлігі қараусыз жүрген жылқымен соқтығысқан. Сол күні сағат 20:50 шамасында тасжолдың 821-шақырымында Toyota Camry автокөлігі сиырды қағып кеткен.
Ал сағат 22:10 шамасында Атырау-Астрахань тасжолының 722-шақырымында TANK автокөлігі жылқымен соқтығысса, 11 қазан күні сағат 00:52 шамасында тасжолдың 636-шақырымында Subaru автокөлігі тағы бір жылқыны қаққан.




