Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жеңіс күніне орай Қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті

 Жеңіс күніне орай «Жолашар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында қарияларға арнайы мерекелік дастархан жайылып, ән-шашу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Зияткер» оқу орталығы мен AD Danse Studio оқушылары өнерлерін ортаға салып, қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ән мен би кеші әсерлі кездесу форматында өтті. Қазіргі таңда Қарттар үйінде 99 қария тұрады. Олардың ең үлкені – 88 жаста. Ұйымдастырушы Назгүл Хибашеваның айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге ерекше ықпал етеді.

– Біз бұл шара арқылы аға буынға құрмет көрсетіп қана қоймай, жастарға өнеге беруді мақсат еттік. Қариялардың ақ батасын алу, олардың өмірлік тәжірибесін тыңдау – үлкен тәрбие. Осындай игі бастамалар жастарды мейірімділікке, үлкенді сыйлауға және Отанды құрметтеуге тәрбиелейді, – деді Назгүл Хибашева.

Шара соңында қариялар ұйымдастырушылар мен өнер көрсеткен оқушыларға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT