Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жасыл ел» жастары Жайық жағасында

Махамбет ауданында «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарының жұмысына мониторинг жүргізілді.

Махамбет ауылдық округі әкімінің аппараты мен аудандық Жастар ресурстық орталығының өкілдері Жайық өзені жағалауындағы тазалық жұмыстарының барысын бақылап, олардың ұйымдастырылуы мен сапасын бағалады.

Мониторинг барысында еңбек жасағы жастарының қоршаған ортаны қорғау, өзен жағалауының тазалығын сақтау бағытында атқарып жатқан жұмыстарына оң баға берілді. Жастардың табиғатқа жанашырлық танытып, туған өлкенің көркеюіне белсенді араласуының маңызы атап өтілді.

Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары Темірлан Бертлеуов жұмыс барысымен танысып, Жастар ресурстық орталығының ұжымына ауыл аумағының тазалығы мен абаттандырылуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдірді.

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың бойында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жайық жағалауының тазалығын сақтауға бағытталған мұндай бастамалар туған жерге деген жанашырлықтың нақты көрінісі.

Майра ЕРҒАЛИ
Махамбет ауданы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT