Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жасыл ел» жастары лагерь аумағын абаттандырды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Сарытоғай ауылдық округінде орналасқан «Арай» балалар сауықтыру лагерінің аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында жастар лагерь аумағында өскен арамшөптерді орып, қоршаған ортаны ретке келтіруге белсенді атсалысты. Жүргізілген жұмыстар аумақтың тазалығын сақтауға, көркін арттыруға және балалардың қауіпсіз демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталды.

Экологиялық акцияға қатысқан жастар туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT