
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақат ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы қарқынды жалғасуда. Жастар аудан аумағын абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына белсенді қатысып келеді.
Жас еңбеккерлердің күнделікті еңбегі ауданның көркеюіне өз үлесін қосып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналуда. Мұндай игі бастамалар жастардың еңбекке деген құрметін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық белсенділігін нығайтуға ықпал етеді.
Таза да көрікті мекен қалыптастыру – баршаға ортақ міндет. Осы жолда «Жасыл ел» жасағының атқарып жатқан еңбегі ауданның ажарын ашып, қоршаған ортаны қорғау ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады.
А.Орынбек,
Мақат кентінің тұрғыны



