Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жасыл ел» сарбаздары балалар ойын алаңын жаңартты      

                                                                                                                                                                                                                       «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында Исатай ауданының «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары «Upgrade» акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында сарбаздар балалар ойын алаңында сырлау және бояу жұмыстарын жүргізіп, оның келбетін жаңартты. Бұл игі бастама қоғамдық кеңістікті көркейтіп қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

«Жасыл ел» сарбаздарының бұл еңбегі – туған жерге деген жанашырлықтың, еңбекқорлықтың және экологиялық мәдениеттің жарқын көрінісі. Исатай ауданының жастары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді үлес қосып, қоршаған ортаны абаттандыру мен елді мекендердің көркін арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Туған өлкені көркейту – әрбір жастың ортақ міндеті. Исатай ауданының «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы алдағы уақытта да туған жердің тазалығы мен көркеюіне бағытталған игі бастамаларды жалғастыра береді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT