Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жастардың еңбек мектебі

 Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХІІ маусымы өз жұмысын бастады.

Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Бұл жолғы ерекшелік - бағдарламаны Қарағанды облысындағы «Нұрлы жүрек» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Кентаева ұтып алып, жүзеге асыруда. Жобаға 16-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, студенттер мен оқушылар қатыса алады. Аудан бойынша биыл 170 жасқа квота бөлініп, олар 19 округке жіберіледі. Әр қатысушы бір ай көлемінде еңбек етіп, еңбекақы алады. Айлық жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Заңнамаға сәйкес салық пен міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін жастардың қолына шамамен 75 мың теңге тиеді. «Жасыл ел» сарбаздары арнайы жұмыс киімдерімен, еңбек құралдарымен, қолғаптармен және қоқыс жинауға арналған қапшықтармен толық қамтамасыз етіледі. Олар елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданның көркеюіне өз үлестерін қосады. Жаңа орта, жаңа достар табады. Жаз мезгілінде жастарымыз уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асып отырған бағдарлама. Сарбаздар үш маусымға бөлініп жұмыс жасайды. Маусым, шілде, тамыз. Маусым айында . Құрманғазы, Сафон, Көптоғай, Бірлік, Теңіз ауылдық округтері 44 «Жасыл ел» сарбазы өз жұмысын бастады. Туған жердің тазалығы мен табиғатын қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан «Жасыл ел» жобасы жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін қалыптастырады. Бірлескен еңбектің арқасында ауданымыз одан әрі көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналары сөзсіз.

Дархан ИРҒАЗИЕВА,

аудандық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының координаторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT