Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Алаш» жеке меншік мектебінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында оқушылармен профилактикалық кездесу өтті.
Аталған шараға Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысып, жасөспірімдерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мамандар есірткі құралдарының заңсыз айналымының салдары, олардың адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде таралатын есірткіге қатысты заңсыз ұсыныстар мен алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Іс-шараға 50-ге жуық оқушы қатысып, есірткінің зияны мен оның алдын алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет алды. Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болуына, салауатты өмір салтын ұстануына және қоғамдағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Есірткі қылмысының алдын алу – баршамызға ортақ міндет


