Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау қалалық Прокуратура өкілдерінің қатысуымен Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және суицидтік мінез-құлықтың себептерін анықтауға бағытталған психологиялық кешенді талдау жобасын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Бұл жобаны іске асыру Атырау облысының прокуратурасының бастауының негізінде, университет ғалымдарының көмегімен қоғамдағы өзекті мәселе - Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен суицидтік мінез-құлықтың себептерін анықтауға бағытталған психологиялық кешенді талдау моделін әзірлеу және оны білім беру ұйымдарында апробациялау.




