Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы жалған ақпарат тез таралуда. Кейбір тексерілмеген мәліметтер қоғамда үрей мен түсінбеушілік тудыруы мүмкін.
Мамандар кез келген ақпаратты таратпас бұрын оның рас-өтірігін тексеруге кеңес береді. Әсіресе ресми дереккөздерге сүйеніп, күмәнді хабарламаларды бөліспеу маңызды.
Шынайы ақпарат — қоғам тұрақтылығының кепілі. Сондықтан әрбір азамат ақпараттық сауаттылыққа мән беріп, фейк ақпараттың таралуына жол бермеуі қажет.


