Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жайық жағасын кім ластап жүр?

Атырау қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыру бағытында «ECO PLOGGING» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

«Жасыл ел» сарбаздары қатысқан шара барысында «Орал» мейрамханасы мен қалалық әкімдік орталығы маңындағы Жайық өзенінің жағалауы тазартылды. Жастар командаларға бөлініп, белгіленген уақыт ішінде өзен жағасындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады.

1001725141

Акция кезінде жиналған қоқыстардың басым бөлігін балықшылар мен демалушылардан қалған қалдықтар, пластикалық сусын ыдыстары мен кофе стақандары құраған.

Мұндай бастамалар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық мәдениет қалыптастыру науқанымен сабақтас. Жастардың табиғатты қорғауға белсенді араласуы қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын демалыс орындарын таза ұстап, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және Жайық өзенінің жағалауын ластамауға шақырады.

Майра ЕРҒАЛИ

1001725135
 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT