«Қазыналы К
аспий» халықаралық балық фестивалі аясында Жайық өзенінің балық қорын толықтыруға бағытталған экологиялық акция ұйымдастырылуда. Іс-шара барысында өзенге 3000 бекіре шабағы жіберілуде. Атырау бекіре балық өсіру зауытының цех меңгерушісі Нұрболат Супыгалиевтің айтуынша, биыл өсірілген балықтар салмағы 3,5 грамнан асқаннан кейін фестиваль аясында табиғи ортаға жіберіліп жатыр. «Балық қорын молайту және су экожүйесін сақтау бағытындағы бұл жұмыстардың маңызы зор», – деді Нұрболат Супыгалиев. Айта кетейік, зауытта бекіре тұқымдас балықтардың бірнеше түрі өсіріледі. Олардың қатарында қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай және сүйрік балықтары бар.





Ақтілек Базарбаева




