Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҢҒЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ

 Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құқықтық құжат.

Сондықтан Ата Заңға енгізілетін өзгерістер елдің болашағына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. 15 наурыздағы республикалық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституцияның маңызы ел дамуының жаңа кезеңіне құқықтық негіз қалыптастыруында. Конституциялық өзгерістердің тиімділігі, ең алдымен, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және қоғамның ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту бағыттарынан көрінуі тиіс.

 Жаңа Конституцияның тағы бір маңызды қыры – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту. Заң алдында барша азаматтың тең болуы, әділдік қағидаттарының сақталуы және мемлекеттік шешімдердің халық мүддесіне сай қабылдануы елдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өзгерістердің нәтижелі жүзеге асуы азаматтардың құқықтық сауаттылығына, қоғамдық белсенділігіне және заң талаптарының баршаға бірдей орындалуына байланысты.

 Ата Заңның құндылығы – оның мәтінінде ғана емес, халықтың күнделікті өміріндегі нақты нәтижесінде. Сондықтан жаңа Конституцияның тиімділігі азаматтардың құқықтары қорғалып, әлеуметтік әділдік нығайып, әрбір адам ел болашағына сеніммен қарайтын қоғам қалыптастыру арқылы бағалануы керек. Конституциялық жаңғырудың түпкі мақсаты да – қуатты мемлекет құрып, халықтың әл-ауқатын арттыруға берік негіз жасау.

 Өз тілшіміз

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT