Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАҒАЛАУДЫ ЖИНАП, КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚОЛҒА АЛЫНҒАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АУДАНЫ­МЫЗДА ДА ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ.

Мәселен кешегі бейсенбіде Жайық өзені жағалауында "Таза су айдындары" акциясы өтті. Ак­ция барысында өзеннің оң және сол жақ жағалаулары қоқыстан тазартылды. – Аталмыш акцияға Индер балық инспекция бөлімі, аудандық әкімдігінің ішкі сая­сат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және «Индер Агро Строй Сер­вис» мекемесінен барлығы 30-ға жуық адам қатысып, 6 автотехника жұмылдырылды. Нәтижесінде 4 тонна тұрмыстық-қоқыс қалдықтары жиналып, қоқыс алаңына апа­рылып төгілді, – дейді аудандық балық инспекциясы бөлімінің бастығы С.Рысмағамбетов.

Ал ертесіне, яғни жұма күні Индербор кентінде ауқымды көалдандыру жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда Көктем саябағына, сондай-ақ Д.Қонаев, Тайсойған, Б.Айтимов және Махамбет көшелеріндегі жа­сыл желек аумақтарына 1000 дана терек, күл ағашы және үйеңкі ағаштары егілді. Ин­дербор кенті әкімінің орын­басары Қайыржан Нұриевтың айтуынша, көшеттер ауданның жер асты байлығын игеруге сүбелі үлес қосып жүрген «INDERTUZ COMPANY» ЖШС- нің қолдауымен әкелінген екен. Аталған шара өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға , елдімекеннің көрікін арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берері сөзсіз. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. 

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT