Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Атырау облысы Полиция департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттік жатақханаларында профилактикалық рейд жүргізілді.
Іс-шара жастар арасында құқық бұзушылық пен есірткі қылмысының алдын алуға, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері мен одан қорғану жолдары туралы ақпараттандыруға, сондай-ақ студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Рейд барысында полиция қызметкерлері студенттерге қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, арнайы кинолог мамандардың қызметтік иттермен қатысуымен жатақханаларда профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.




