Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты елімізді дұрыс бағытқа бастап, қоғамның түзелуіне оң ықпалын тигізуде. Заң адамды шектеуге, айыптауға емес, қорғауға қызмет ететіндігін жұрт ұғына бастады.
Осы ретте әрбір бұзылған заң азаматтардың ары мен намысын аяққа таптаумен тең екенін ұмытпағанымыз жөн. Осыны анық түсіну қоғамдағы өзара құрметтің өзегін қалыптастырады. Ал әрбір азамат заң ережелерін құрметтеген сайын көршісіне, әріптесіне, айналасын қоршаған адамдарға деген ықылас-пейілін паш ете түседі. Мысалы, көлік жүргізу ережесін берік ұстану арқылы біз өзімізді ғана емес күрежолдың бойындағы көптеген адамның өмірін сақтап қаламыз. Кез келген мөлшерде берілген парадан бас тарту арқылы дамуға тікелей ықпал ететін мемлекеттік жүйенің адалдығына қолдау көрсетеміз. Қорыта айтқанда еліміз бүгінде қуатты, құқықтық мемлекет құрудың даңғыл жолына түсті. Бұл жол оңай емес. Оны әрбір азаматтың саналы жасаған қадамымен басып өте аламыз.
Сондықтан құқық қорғаушы ретінде айтарым – заңды берік ұстанып жасалған қадам болашағымызды жарқын, келешегімізді кемел ете түседі.
Асқат ҚҰЛБАЕВ,
полиция майоры


