Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Заң бар жерде – тәртіп бар»

Орталығымызда қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында ақпараттық-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту. Кездесуге арнайы шақырылған Әділет департаментінің және Облыстық азаматтарға құқықтық кеңес беру орталығының заңгер мамандары қатысып, Конституциядағы өзгерістердің мәні мен маңызына тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

 Кездесу барысында Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, заң үстемдігі қағидаты, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Заңды білу – әр азаматтың міндеті, ал оны құрметтеу – құқықтық әрі тұрақты қоғамның негізі.

Осындай тағылымды кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген сенім мен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT