2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін ел азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады. GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
- https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
- https://sailau2026.gov.kz/kk
Сонымен қатар, өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді. Аталған сервистерді QR-кодтарды сканерлеу арқылы да пайдалануға болады.



