Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары – екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтерген маңызды қадам.
Бұл сапар барысында сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған келісімдердің жасалуы еліміздің халықаралық беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстан үшін көршілес елдермен өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты дамыту – тұрақты экономикалық өсудің маңызды кепілі. Мұндай жоғары деңгейдегі кездесулер өңірлік тұрақтылықты нығайтып қана қоймай, жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға да оң ықпал етеді. Сондықтан Президенттің бұл ресми сапары ел дамуы мен халықаралық әріптестікті кеңейту жолындағы маңызды әрі нәтижелі дипломатиялық қадам болды деп есептеймін.
Толқын БЕЙСҚАЛИ,
Аудандық мәслихат төрағасы



