UTEBAYEV UNIVERSITY-де М. Шырдабаев атындағы конференция залында «Жаңа Конституция – қоғамдық келісім мен өзара жауапкершілік негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, жастар көшбасшылары және университет басшылығы қатысты.
«Жастар рухы» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Мейрамгүл Есниязова, «Maximum» адвокаттық кеңсесінің құрылтайшысы, заң ғылымдарының магистрі Айдос Ибраимов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, заң магистрі Айдана Бақытова,
UTEBAYEV UNIVERSITY Академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Нұркен Ахметов қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы орны, азаматтық жауапкершілік, заң үстемдігі және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, елдің Ата Заңына деген құрметті нығайтуға бағытталды.
UTEBAYEV UNIVERSITY-де дөңгелек үстел өтті
- Информация о материале
- Қоғам
- : 77


