Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Туризм және спорт министрінің орынбасары тұрғындармен кездесті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиковтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға өңір тұрғындары қатысып, туризм мен спорт салаларына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

1001958115

Кездесудің негізгі мақсаты – туризм және спорт салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылау, өңірдегі өзекті мәселелерді ортаға салу және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау. Кездесу кезінде тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, салаға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Жиын барысында Бауыржан Серікбайұлы елдегі және облыстағы туризм мен спортты дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып, саланың негізгі нәтижелері мен басым бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ, қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді.

1001958114

Жұмыс сапары аясында Бауыржан Рапиков облыстағы бірқатар спорт нысанын, атап айтқанда, олимпиадалық резерв даярлау орталығының «Жаттығу орталығы» спорт кешені мен Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің құрылыс нысанымен танысты.

Іңкәр ЖҰМАҚҰЛ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT