Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің дамуы мен тыныштығының негізі. Қоғамда адамдар бір-бірімен сыйластықта, қауіпсіз өмір сүруі үшін заң талаптары сақталуы қажет. Егер әр адам өз құқығын біліп, өз міндетін орындаса, ел ішінде тәртіп орнап, әділдік салтанат құрады.
Заң – мемлекет бекіткен ережелер жиынтығы. Ол адамдардың құқықтарын қорғайды, әділетсіздікке жол бермейді. Ал тәртіп – сол заңдарды күнделікті өмірде сақтау. Мысалы, жол ережесін бұзбау, үлкенді құрметтеу, қоғамдық орындарды таза ұстау – тәртіптің көрінісі. Тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Ел ішінде заңға бағынған халық болса, мемлекет те дамиды. Сондықтан заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті. Қазіргі таңда жастардың заңды білуі өте маңызды.
Өйткені, құқықтық сауатты адам өз құқығын қорғай алады және өзгеге зиян келтірмейді. Әр адам қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек. Ендеше, заң мен тәртіп – ел болашағының кепілі. Тәртіпті, саналы ұрпақ қана мемлекетіміздің дамуына үлес қоса алады. Сондықтан заңды сыйлап, тәртіпті сақтау – бәрімізге ортақ міндет.
Әйгерім ШӘКІРОВА,
Қызылқоға ауданы полиция бөлімі отбасылық тұрмыстық
зорлық- зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры


