Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Тұрмыс»жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қызылқоға ауданы көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 05-10 мамыр күндері аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс- шарасы өткізілуде.

Шараның мақсаты аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен жұмыстар ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу болып табылады. «Тұрмыс» профилактикалық іс- шарасы аясында тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс бағытына көшіріліп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды,ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарға заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

 Егер де сіз отбасындағы зорлық- зомбылыққа душар болсаңыз, үнсіз қалмаңыз! Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе «111».

А. Шәкірова,

аудандық Полиция бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT