“Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті.
Аталған бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып, елімізде заманауи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Акцияның мақсаты – түлектерді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Аудан орталығындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте “Түлек ағашы - болашаққа аманат” шарасы ұйымдастырылды. Түлектер атынан сөз сөйлеген Құндыз Жеткеншек аталған акцияның маңыздылығын атап өтті. 9, 11 сынып оқушылары “Ақ жаулығым-қазынам” әжелер тобымен бірлесіп мектеп алаңына жас талдарды егіп, тілектерін айтты.
А.Шакупова



