"Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!" дейді халқымыз. Міне, осыны басты қағида етіп ұстанған Сағыз ауылындағы 9 орта мектепті 2006 жылы бітірген 49-шы түлектер "Тал егу" акциясы аясында өздері білім нәрімен сусындаған мектептің ауласына демеушілікпен 80-ге жуық тал екті.
"Бүгін еккен тал - ертеңгі ұрпаққа аманат және сый" деп білген олардың ізгі амалдары алтын ұяларын көгалдандырып, жасыл-желекке айналдыру бағытында жасалып жатқан игі қадамы. Ендеше, түлектердің тағылымды ісі жас ұрпаққа көрсетілген үлгі екендігі сөзсіз.
Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ



