С.Мұқанов мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде “Таза Қазақстан” жобасын іске асыру мақсатында Республикалық “Түлектер ағашы” челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
Бұл игі шараның басты мақсаты – туған мектепке деген құрметті арттыру, түлектер мен білім ордасы арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдыру.
Акция аясында мектеп түлектері мен ұстаздар қауымы ағаш көшеттерін отырғызып, туған мектебінің гүлденуіне өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған көшет – түлектердің мектепке деген ыстық ықыласы мен шексіз алғысының белгісі.
Осындай тағылымы мол шараға атсалысқан барша түлектерімізге, ұстаздарымызға және ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
Бірге еккен ағаштарымыз тамырын тереңге жайып, мектебіміздің көркеюіне қызмет етсін!


