«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Қазақстан машина жасаушылардың XIII форумында қазақстандық қамтуды дамыту бойынша нәтижелерін ұсынды. Компания отандық өндірушілердің жеткізу тізбегіндегі рөлі мен оларды қолдау шаралары туралы баяндады.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі үшінші жыл қатарынан өндіруші сектордан озып келеді: 2025 жылы оның көлемі 30,6 трлн теңгені құрады. Елде өндірісті жергіліктендіруге және отандық кәсіпорындарды дамытуға басымдық берілуде.
ТШО бас директорының орынбасары Қуанышкерей Мұхтаров компанияның қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын жүйелі түрде арттырып, олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп жатқанын атап өтті.
«Қазақстандық қамтуды дамыту — біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Біз ТШО-ның жеткізу тізбегіне отандық өндірушілердің қатысуын кезең-кезеңімен кеңейтіп келеміз. Сонымен қатар олардың өндірістік және технологиялық құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз. Бұл үдерісте кәсіпорындарды біліктіліктен өткізуге және олардың әлеуетін арттыруға ықпал ететін IMBC маңызды рөл атқарады», — деді ол.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Теңіздегі қазақстандық қамту үлесі 71%-ға жетті. Отандық жеткізушілерден сатып алу көлемі шамамен 1,8 млрд АҚШ долларын құраса, 1993 жылдан бергі жалпы көлемі 52,3 млрд доллардан асты.
Компания жергілікті бизнеспен әріптестікті кеңейтуді, заманауи технологияларды енгізуді және жаңа келісімшарттар жасауды жалғастырып, қазақстандық өндірушілердің мұнай-газ саласындағы позициясын нығайтуды көздейді.
Теңіздегі қазақстандық қамту үлесі 71%-ға жетті