Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Теңіз қызметкерлері Астанада өткен KazNeftegazService форумында марапатталды

«Теңізшевройл» ЖШС  салалық қауымдастықтың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған XII KazNeftegazService форумына қатысты. 

Негізгі тақырыптар қатарында мұнай-газ сервистік секторын дамыту, ірі жобаларға қазақстандық компаниялардың қатысуын кеңейту және жергілікті қамтуды арттыру мәселелері болды. ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров қазіргі таңда мұнай-газ құрылысы мен инжинирингті дамыту ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, НКОК, КПО және ТШО операторларымен бірлесіп, ел ішіндегі құндылық үлесін арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

ТШО бас директоры Уильям Лакоби қауымдастықты мерейтойымен құттықтап, оның саланы біріктіретін маңызды буын екенін атап өтті.
«Қауымдастық теңгерімді шешімдер қабылдауға, үздік тәжірибелермен алмасуға және Қазақстанның мұнай-газ сервистік секторын дамытудың ортақ кәсіби көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді», — деді ол.

Форумда өндірістің артында тұрған адамдарға ерекше назар аударылды. Теңіз кен орнында еңбек ететін ТШО қызметкерлері сала дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды. Олардың қатарында жұмысшы және техникалық мамандық иелері — өрт сөндірушілер, операторлар, электриктер мен слесарьлар бар.

Компанияда атап өткендей, мұндай жетістіктер — қазақстандық жеткізушілермен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан серіктестіктің және жергілікті кадрлар мен өндірістік әлеуетті дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. ТШО саланың өсуіне және отандық бизнеспен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT