Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ЧЕЛЛЕНДЖ

сурет ғаламтордан алынды

 «Таза Қазақстан» бастамасы – қоғамды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыратын маңызды жобалардың бірі. Бұл акция аясында тұрғындар экологиялық жауапкершілікті тереңірек түсініп, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады.

Бұл бағытта Қызылқоға ауылдық округі ауыл тазалығын қалыпқа келтіріп, сақтау мақсатында ауылдағы бес мекеме өзара тазалық челленджін ұйымдастырып, бес рет сенбілікке шықты. Сенбілікке қатысқан мекеме қызметкерлері мен еріктілер кірме жол бойын, ауыл көшелері мен мекеме аулаларын тазалады. Ауыл ортасынан ағып өтетін Ойыл өзені жағалауы да назардан тыс қалмады.

Ауыл көшелеріне орнатылған контейнерлердегі жиналған қоқыстарды төгуге және ауыл тазалығын сақтау мақсатында округ әкімдігімен келісім шартқа отырған «Ахмет» жеке кәсіпкерлігі өз жұмысын орындап, тазалыққа үлесін қосуда. Қазіргі таңда Ә.Игілікұлы көшесінде жаңадан салынған қоршаудың ішіне 100 түп ясин және қара ағаш көшеттері егілсе, алға қарай тағы да 200 түп тал көшеті отырғызылмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT