«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Махамбет» мекемесінің жұмысшылары округ аумағында күнделікті санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді.
Тазалық — мәдениет пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Таза ортада өмір сүру — өзімізге де, келер ұрпаққа да деген құрмет. Ауладан бастап, көше тазалығына дейін бейжай қарамай, қоршаған ортаны аялау — әр азаматтың ортақ міндеті. Бүгінгі игі іс — ертеңгі таза қоғамның негізі. Табиғатты қорғап, тазалықты бірге сақтайық!
Бақсай ауылдық әкімдігі


