Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тазалық табалдырықтан басталады

Елді мекендердің тазалығын сақтау және абаттандыру бағытындағы жұмыстар да тұрақты бақылауда болуы тиіс. Осы орайда, тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың аумағында санитарлық тазалық талаптарын сақтау бойынша түсіндіру және қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 119 адамға ескерту хаттамасы толтырылып, талаптарды бұзған 19 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды. 

Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Аққыстау ауылында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы Мұнайшы және Ынтымақ көшелерінің қиылысына жаңа бағдаршам орнатылып, іске қосылды. Сонымен қатар, ауыл аумағына 52 бейнебақылау камерасы орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Елді мекендерді көркейту және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың көктем және күз айларына абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша екі айлық өткізу жоспарланған. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №63 қаулысымен тиісті шешім қабылданған.

Жыл басынан бері ұйымдастырылған сенбіліктерге 2071 тұрғын, 62 мекеме және 15 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 257,3 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегеновтің айтуы бойынша тазалыққа келгенде шетелдік тәжірибелерге көптеп сүйенетінін жасырмады.

Әлемде «Broken Windows Theory» деген ұғым бар. Егер бір жерде қоқыс шашылып жатса немесе бір терезе сынып тұрса, адамдар ол жерге немқұрайлы қарай бастайды. Ал таза әрі күтімді орта адамдарды тәртіп сақтауға ынталандырады. Сондықтан тазалық – тек эстетика емес, ол қоғам мәдениетіне де әсер етеді. Мысалы, бір адам бөтелкені қоқыс жәшігіне тастауы үлкен өзгеріс сияқты көрінбеуі мүмкін. Бірақ күн сайын осылай мыңдаған адам әрекет етсе, нәтижесі мүлдем басқа болады. Экологиядағы көптеген оң өзгерістер дәл осындай шағын қадамдардан басталады,-дейді Нұрберген Мұратұлы.

Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT