Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

 Қазіргі уақытта елімізде кең қанат жайған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – жай ғана науқандық іс-шара емес, бұл қоғамның санасын сілкінткен, әрбір азаматтың жауапкершілігін оятқан өте маңызды бастама. Мен, ауыл белсендісі ретінде, бұл игі істің біздің туған жеріміз үшін берері мол деп есептеймін.

Дана халқымыз: «Тазалық – табалдырықтан басталады», – деп текке айтпаған. Кез келген үлкен өзгеріс әр адамның өз босағасынан, өз ауласынан бастау алуы тиіс. Ауылдың тазалығы әрбір үйдің, әрбір тұрғынның ішкі мәдениетінің айнасы. Егер әрқайсымыз өз үйіміздің айналасын ретке келтіріп, қоқыс тастамауды әдетке айналдырсақ, тұтас ауылымыздың келбеті құлпырып шығатыны сөзсіз. Нағыз отансүйгіштік үлкен ұрандармен емес, дәл осындай күнделікті кішігірім жауапкершіліктен, аулаңа егілген бір түп ағаштан көрініс табады. Бұл акция — өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең төте жолы. Біз балаларымызды табиғатты аялауға сөзбен емес, іспен, өз үлгімізбен үйретуіміз керек. Таза ауылда өскен баланың танымы да, болашаққа деген көзқарасы да түзу болады. Сондықтан баршамыз осы ортақ іске бір кісідей атсалысуымыз керек. Ауылымызды таза, жасыл әрі жайлы ету – тек әкімдіктің ғана емес, осында тұратын әрбір тұрғынның перзенттік парызы.

Табылды ҚҰМАРҒАЛИЕВ,

Миялы ауылдық ардагерлер ұйымының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT