Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚ – ӨМІР АЙНАСЫ

 Бүгінгі күні күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық болып отыр.

Бұл ретте халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық» демекші, көше бойындағы күл-қоқыстардың өзі адам денсаулығына кері әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Сондықтан өзіміз тұратын ауылымызды таза ұстау әрбір тұрғынның басты міндеті екендігін білген жөн. Сонымен бірге тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Бүгінгі күні Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда апта сайын түрлі сенбіліктер ұйымдастырылып, әр мекеме тазалыққа аса жауапкершілікпен қарап жүр. Сондай-ақ мұндай шараларға бірқатар көше тұрғындары да атсалысып, ауыл тазалығына өз үлесін қосуда. Дегенмен тазалық мәселесіне немқұрайлылық танытып, тұрмыстық қалдықтарды әр жерге төгіп, табиғаттың көркін қашырып жүргендер де жетерлік.

Сондықтан «тазалық табалдырықтан басталады» демекші әр адам ауыл тазалығын сақтауға үлес қосқан жөн. Ол үшін тазалықты алдымен өзінен бастауы қажет. Сондай-ақ балаларға да тазалықты сақтау ережесін үйрете жүрген артық етпес. 

Ұлдаш ҚҰЛШЫҚОВА,

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT